- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте 22 адам...
Шымкентте 22 адам белгісіз сұйықтықтың иісінен уланып қалды
Шымкентте белгісіз сұйықтықтың иісінен 22 адам уланып қалды. Оқыс жағдай Еңбекші ауданындағы тұрғын үй секторы аумағында тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігіне тиелген 800 литрлік темір бөшкеден сұйықтық төгіліп, газ бен бу ауаға тараған. Осының кесірінен тұрғындардың жүрегі айнып, өздерін жайсыз сезінген.
Зардап шеккендер алғашқы медициналық көмек алып, токсикология орталығына жеткізілді. Дәрігерлерлік тексерістен кейін бәрі үйлеріне жіберілген. Экологтар мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары сұйықтық төгілген аумақтан сынама алып, зертханалық талдаулар жүргізді.
Болжам бойынша, ауада аммиак, пропан, метан, көмірсутекті мұнай газының артық мөлшері бар. Зерттеу қорытындысы алдағы уақытта белгілі болады.
"Жалпы 13 науқас жедел-жәрдеммен, қалған науқастар өз бетінше бізге келіп көмекке жүгінді. Соның ішінде біз 9 науқасқа стационарлық ем көрсеттік. Олардың бәрі үйлеріне амбулаторлық учаскелік дәрігерлердің бақылауына қайтарылды. Қазіргі таңда ешқандай қауіп жоқ", - деді қалалық гипербарикалық оксигенация орталығының бас дәрігері Мәдина Ермағанбетова.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан