Шымкентте 21 жастағы қыз қаза тапты: күдіктіге қатысты жаңа дерек шықты

Шымкентте 21 жастағы қыз қаза тапты: күдіктіге қатысты жаңа дерек шықты
Фото: otyrar.kz

Шымкентте 21 жастағы студент қызды асқан қатыгездікпен өлтірді деген күдіктіге қандай бұлтартпау шарасы таңдалғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, қазір адам өлтіру дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

"Сот санкциясымен күдіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - деді ПД баспасөз қызметі өкілі.

Еске салайық, 11 қаңтарда Шымкентте пышақ жарақаттарынан 21 жастағы қыз көз жұмды. Кейін күдікті қала аумағынан шамамен 10 шақырым қашықтағы ашық жерде ұсталды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Massaget.kz жаңалықтар сайты (@massaget.kz)

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget