Шымкентте 21 жастағы қыз аяусыздықпен өлтірілді: істі ІІМ бақылауына алды

Шымкентте 21 жастағы қыз аяусыздықпен өлтірілді: істі ІІМ бақылауына алды
Фото: otyrar.kz

Ішкі істер министрлігі Шымкентте көз жұмған 21 жастағы қыздың өліміне байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Істі тергеу барысын министрлік бақылауына алған.

"Шымкентте қызды өлтіру дерегі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрлігінің бақылауында. Шымкент қаласы полиция қызметкерлері тарапынан уақтылы шаралар қабылданбауы мүмкін деген пікір мен уәждер бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды. Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Ең тәжірибелі қызметкерлер қатарынан арнайы тергеу жедел тобы құрылды. Күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деп жазылған хабарламада.

Ведомство мәліметінше, келіп жатқан барлық мәлімет, соның ішінде бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар мұқият тексеріліп, талданып жатыр.

Еске салайық, 11 қаңтарда Шымкентте пышақ жарақаттарынан 21 жастағы қыз көз жұмды. Кейін күдікті қала аумағынан шамамен 10 шақырым қашықтағы ашық жерде ұсталды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Massaget.kz жаңалықтар сайты (@massaget.kz)

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget