Шымкентте 21 адамнан бруцеллез анықталған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Санитарлық дәрігерлер аурудың өсуін жануарлар арасындағы қолайсыз эпизоотиялық жағдаймен байланыстырып отыр. Санитарлық дәрігерлер инфекцияның таралу ошақтарынан сүт пен сүт өнімдерінің 114 сынамасын алды. Оның 9-ынан бруцеллез табылған.
"Инфекция тек сиырдан жұқпайды. Қой, ит және басқа жануарлардан жұқтыру фактілері бар. Инфекцияның қоздырғышы әртүрлі. Бір жерден тараса, онда "Иә, бәрі бір қоздырғыштан тарады" деп айтар едік. Зардап шеккендердің әрқайсы әртүрлі қоздырғыштан жұқтырған", - дейді Шымкент санэпидбақылау департаментінің басшысы Әбдіманап Төлебаев.
Санитарлық дәрігерлер инфекция тек мал арқылы емес, басқа жануарлардан да тарайтынын айтты.
Дәрігерлер бруцеллез инфекциясын болдырмау үшін сүт пен етті мұқият термиялық өңдеуден өткізуді ұсынады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!