Шымкентте 20 жастағы қызды көлік қағып мерт қылды

15 тамыз күні кешкісін Шымкенттегі Жәнібеков көшесінде болған жантүршігерлік жол апаты салдарынан қыз көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Желіде оқиға орнынан видео тарады.

Кейінірек видеодағы қыз алған жарақатынан көз жұмғаны белгілі болды. Ол 2004 жылы туған.

"Жол апаты салдарынан 2004 жылы туған жаяу жүргінші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!