• 502.15
  • 490.7
  • 5.71

Шымкентте 20 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалып кетті

Шымкентте 20 жастағы жігіт із-түзсіз жоғалып кетті
Фото: Ontustiktv.kz

Шымкентте 20 жастағы Бәйдібек Ақмырзаұлы 10 күннен бері іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ontustik.tv-ға сілтеме жасап.

Ол кейінгі рет Шымкенттегі әуежайда досын шығарып салып, қоғамдық көлікке отырған.

Жас жігіт 2025 жылғы 14 қаңтарда Түркістан облысы Ордабасы ауданынан Шымкент қаласына жүргізуші куәлігін алуға келген. Кейін сағат 14:37 шамасында досын әуежайдан шығарып салған.

"15:22-де "Қатын көпір" аялдамасы маңында бір ұялы телефоны өшкен, ал 16:00 шамасында екінші телефоны өшіп қалған. Соңғы рет әкесімен желі арқылы ауылға қайтатынын айтып байланысқан. Одан кейін ұшты-күйлі жоқ, - дейді жақындары.

Жоғалған азаматтың туыстары екі күннен кейін, яғни 16 қаңтарда Тұран аудандық полиция бөліміне арызданған. Шымкент қалалық полиция департаментіне бүгінде қылмыстық іс қозғалған.

"16 қаңтарда полицияға 2004 жылы туған ер адамның хабар-ошарсыз жоғалғаны туралы хабарлама түсті. Арыз тіркеліп, іздестіру жұмыстары басталды. Жоғалған азаматты анықтауға бағытталған іс-шараларға полиция департаментінің барлық күші жұмылдырылды. Қазір іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Жігіттің денсаулығында ешқандай ақау жоқ, жат әдеттерден аулақ, - дейді ПД ресми өкілі Бағлан Исатаева.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Б. Жұмаділлә