Шымкентте 2 жасар қыз бала құдыққа құлап кеткен

Шымкентте 2 жасар қыз бала құдыққа құлап кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

112 пультіне Қаратау ауданындағы Құдайбергенов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үй аумағында 2024 жылы туған қыз бала құдыққа құлап кеткені туралы хабарлама түскен. Бала ересектердің қарауынсыз қалған.

"Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жедел түрде жіберілді. Құдықтың тереңдігі шамамен 24 метр екені анықталды. Құтқарушылар альпинистік жабдықтарды пайдаланып, құдыққа түсіп, баланы жер бетіне шығарды", - деп жазылған хабарламада.

ТЖМ мәліметінше, бала әрі қарай тексеру үшін жедел жәрдем бригадасына тапсырылған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!