Шымкентте 19 жастағы тұрғын көршінің баласына сексуалдық сипатта зорлық жасаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Шымкент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық сот отырысында И-ге қатысты қылмыстық істі қарады. 19 жастағы қала тұрғыны кәмелетке толмаған балаға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінген.
Сот мәліметінше, И. 2023 жылғы қазанның аяғында 2013 жылы туған кәмелетке толмаған М-ның дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оған қарсы бірнеше рет жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекет жасаған.
"Соттың қорытындылары кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкілінің айғақтары, сотталушының соталды тергеп-тексеру барысында берген мойындау айғақтары, сараптамалардың қорытындылары және істің басқа да материалдарымен расталады. Прокурор ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі бойынша 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкілі және оның адвокаты прокурордың ұстанымымен келісті. Қорғаушы тарап ақтау үкімін шығаруды сұрады", - деді Шымкент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты баспасөз қызметі өкілдері.
Сот И-ді ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге байланысты педагогикалық лауазымдар атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!