- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте 18 жастағы...
Шымкентте 18 жастағы қызды жездесі өлтіргеніне көршілері сенбей отыр
Шымкентте жоғалған 18 жастағы қыздың денесі өзі тұрып жатқан үйдің жертөлесінен табылды. Оны өлтірді деген күдікке студент қыздың туған жездесі ілініп отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Түркістаннан Шымкентке барып оқып жатқан Аида Әбілдә туған әпкесінің үйінде тұрыпты. 4 тамызда үйінен шығып қайта оралмаған соң ертеңіне іздеу жарияланған. Үш күннен кейін туыстары оның мәйітін өзі тұрып жатқан үйдің жертөлесінен тапқан.
Полицияның мәліметінше, денесінде зорлық белгілері бар мүрдені төсек жаймасына орап тастаған. 18 жастағы балдызын азаптап өлтірді деген күдікке ілінген 20 жастағы жездесі туралы көршілері жақсы пікірде.
"Мен Азаматты бала күнінен білемін. Ол адам өлтірмек түгіл, мысыққа зияны жоқ адам. Былтыр ғана үйленген. Төрт-бес айлық баласы бар, үнемі жұмыста болатын. Оның омыртқасы ауыратын, яғни ауыр көтермейтін. Ол қалайша адам өлтіреді? Ал балдызы былтырдан бері үйінде жүрді. Бір ұрысқанын естімегенбіз. Біз Азаматтың азғындыққа барды дегеніне сенбейміз", - дейді күдіктінің көршісі Наталья Япаева.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан