Шымкентте 1,7 миллиард теңге тиімсіз жұмсалмақ болған

Шымкентте 1,7 миллиард теңге тиімсіз жұмсалмақ болған
Фото: depositphotos.com

Шымкент прокуратурасы жүргізген талдау нәтижесінде мемлекеттік қаражатты жоспарлау және пайдалану барысында заңбұзушылықтар анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, шағынауданда инженерлік инфрақұрылым салу бойынша бюджет қаражаты тиісті негіздемесіз жоспарланған.

"Жоба жүзеге асырылуға тиіс аумақта тұрғын үйлер мен халық болмағаны, жер телімдері толық бөлінбегені, нақты қажеттілік жоқ екені анықталды", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, жобалық-сметалық құжаттама нақты жағдайға сәйкес келмеген, ал жобаны іске асыру қазір экономикалық тұрғыдан тиімсіз болған.

Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесінде қосымша келісім жасалып, 1,7 миллиард теңге бюджет қаражаты үнемделген.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget