- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте 14 жастағы...
Шымкентте 14 жастағы қыздың бауырынан 9 сантиметр құрт шықты
Шымкентте дәрігерлер 14 жастағы қыздың бауырынан 9 сантиметр эхинококк құртын алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Жасөспірім 21 тамызда ауыр халде түскен. Асардағы балалар ауруханасының қабылдау бөліміне іш ауруы симптомы мазалаған баланы ата-анасы қабылдау бөліміне әкелген.
Дәрігерлер пациентті рентген, компьютерлік томография тексеруінен өткізіп, бауыр тұсынан эхинококк кистасын анықтаған. Жедел түрде науқасқа ота жасалған.
"Эхинакокк кистасы анықталған соң баланы отаға дайындадық. Операцияны 22 тамызда жасадық. Баланың бауырына лапароскопия аппаратымен яғни ота тіліксіз жасалынды. Бұл операцияның ерекшелігі эхинококк кистасын 9,4 сантиметр және 8,1 сантиметр көлемді эхинакокк құрты шықты. Бала отадан кейін реанимацияда бақылауда болып, келесі күні палатаға ауыстырылды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, аурухананың білікті балалар хирург дәрігерлері Ержан Байдуллаев, Қайрат Ізбасов және Асанбай Курманалиев, Гулжан Айдинова басқарған ота сәтті өткен.
Ота жасаған мамандар. Фото: қалалық Денсаулық сақтау басқармасынан
Науқастың қазіргі жағдайы жақсы. Дәрігерлер пациентті үйіне шығаруға дайындап жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина