- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкентте 12,5 млн...
Шымкентте 12,5 млн теңге қарызы бар жүргізуші әйел анықталды
Шымкентте 12,5 млн теңге қарызы бар жүргізуші әйел анықталды , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қала жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кезекшілікке түскен патрульдік полиция полкінің инспекторлары қарызы өтелмеген автокөлік иесі туралы белгі алды. Ақпаратты полицейлердің қызметтік планшетіне орнатылған "Қорғау" бағдарламасы берді.
Toyota Camry иесінің атқарушылық іс-жүргізу бойынша 12,5 млн теңге қарызы бар екені анықталды. Патрульдік полицейлер көлікті Темірлан тасжолы мен Әл-Фараби көшесінің қиылысында ұстады. Қарызынан жалтарған жүргізуші әйелге төлемдердің толық өтелу қажеттілігі туралы ескертілді. Көлік айыптұраққа қойылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина