Шымкент қаласы полиция департаменті патрульдік полиция полкінің қызметкерлері үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен баланы тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
"Аталған оқиға ақпан айында күндізгі уақытта орын алған. 11 жастағы жасөспірімнің ата-анасы дабыл қағып, полиция қызметкерлердің көмегіне жүгінді", - делінген хабарламада.
Жедел басқару орталығы мен патрульдік полиция полкінің инспекторлары барлық күштерді жұмылдырып, тез арада жоғалған баланың ізіне түсті. Нәтижесінде бала аман-есен отбасына оралды.
Өз кезегінде, баланың анасы полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!