Шымкентті шулатқан тағы бір оқиға: жолдағы төбелестің видеосы пайда болды

Шымкентте жол апаты төбелеске ұласып, салдарынан қала тұрғыны қаза тапты. Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Оқиға 20 қаңтарда Ерімбетов пен Рысқұлов көшелері қиылысында болған. Екі жүргізуші арасындағы жанжалға үшінші көлікпен келген өзге адамдар да қосылған. Төбелес кезінде бірнеше адам пышақ жарақатын алған.

Зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізіліп, олардың бірі көз жұмған.

Желідегі видео

Бұған дейін желіде төбелеске қатысы бар болуы мүмкін видео тараған еді. Кадрларда ер адам төбелесіп жатқандарды сабырға шақырғаны естіледі. Бірінің қолынан пышақ байқалады.

Бұдан бөлек желіде тағы бір видео тарап жатыр. Telegram арналар мәліметінше, белгісіз біреулер орталық аудандық аурухана маңына төбелесте зардап шеккен адамның денесін әкеліп тастаған.

Видеоны мына сілтеме арқылы көруге болады.

Еске салайық, бұған дейін оқиға салдарынан зардап шеккен тағы бір адамның жағдайы белгілі болды. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!