- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкент зообағында Умка...
Шымкент зообағында Умка дейтін қонжық дүниеге келді
Фото:
Шымкент зообағы
Тянь-Шань ақ тырнақты қоңыр аюлары - лақап аттары Бимка мен Татьянаның былтыр желтоқсан айында қонжығы дүниеге келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Шымкент зообағына сілтеме жасап.
Қонжықтың лақап аты - Умка. Қазір анасы мен қонжықтың жағдайы жақсы.
"Ол анасының артынан қызығушылықпен еріп, былайша айтқанда, өзінің қоршауын зерттеп жатыр. Татьяна - өте қамқор ана, ол қонжығынан бір қадамға да алшақ кетпейді", - деп жазды зообақ әлеуметтік желілердегі парақшасында.
Бимка мен Татьяна Шымкенттегі зоосаябаққа 2016 жылы Алматы зообағынан әкелінген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан