Шымкент - Түркістан тасжолында жүк көлігі жүгімен бірге жанып кетті

Шымкент - Түркістан тасжолында жүк көлігі жүгімен бірге жанып кетті

Шымкент-Түркістан тасжолында жүк көлігі жүгімен бірге жанып кетті, - деп хабарлайды Оtyrar.kz тілшісі.

Оқиға кешкі сағат 21:00 шамасында Шымкенттен шыға берістегі Ынтымақ мөлтекауданында болған. Чипсы мен газды сусындар тиелген Mercedes-Benz Actros жүк көлігі тіркемесімен бірге отқа оранған. Нәтижесінде, көлік ішіндегі заттар да жанып кеткен. Оқиға орнына жедел жеткен ТЖД мамандары өртті сөндірді.

"ТЖД 25 қызметкері мен 5 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ", - делінген департамент таратқан хабарламада.

Қазір көліктің қалай өртенгендігі анықталып жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Г. Досымшалова