Шымкент тұрғыны такси көлігін талқандап тастаған

Шымкент тұрғыны такси көлігін талқандап тастаған
Фото: Видео кадры

Шымкент тұрғыны такси көлігін талқандап тастаған. Әлеуметтік желіде ашулы тұрғынның видеосы тарады. Полиция қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео кадрларында қызыл белдемше киген жалаң аяқ қыз тұрақта тұрған такси терезесіне ауыр кірпіш лақтырып жатқаны көрінеді.

Мұндай әрекетке не себеп болғаны белгісіз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Massaget.kz жаңалықтар сайты (@massaget.kz)

Шымкент Полиция департаменті мәліметінше, видеодағы қызға қатысты бөтеннің мүлкіне қасақана зақым келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу және сараптама нәтижелері бойынша шешім қабылданады", - деді полиция.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget