- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Бұзақылық
Шымкент тұрғыны сауда орталығының қабырғасын ұрып сындырды
![Шымкент тұрғыны сауда орталығының қабырғасын ұрып сындырды](/userdata/news/news_124598/image_l.jpg)
Шымкенттің әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 147-1-бабының 1-бөлігі бойынша істі қарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
С. 2025 жылғы қаңтарда Шымкенттегі Бәйдібек би даңғылындағы Nauryz Park сауда орталығының екінші қабатында орналасқан лифт алдындағы сол жақ қабырғасын ұрып сындырып, бөтеннің мүлкін қасақана бүлдірген.
Күдікті сот отырысында кінәсін мойындап, өкінетінін айтып, соттан қатаң жаза қолданбауын сұрады.
Сот анықталған мән-жайларға сүйеніп, жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның кінәсін мойындағанын, өкінгенін ескеріп, оған 196 600 теңге айыппұл жазасын тағайындады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лес