- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкент тұрғыны рейс...
Шымкент тұрғыны рейс кешіккені себепті әуе компаниясы қызметкерінің денесін зақымдаған
Шымкент әуежайындағы желілік полиция бөлімшесіне Air Astana әуекомпаниясының 22 жастағы өкілі Шымкент-Алматы бағытындағы әуе рейсінің жолаушысының үстінен шағымданған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Арызданушының айтуынша, жолаушы-әйел рейстің кешігуіне және ауысуына байланысты өзін дөрекі ұстап, балағат сөздер айтқан.
Мән-жайды анықтау барысында көлік полицейлері Шымкенттің 43 жастағы тұрғынын анықтады. Ол жанжал кезінде супервайзердің оң қолының білегін көгерткен.
Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі ("Ұсақ бұзақылық") және 73-1-бабының 1-бөлігі ("Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру") бойынша екі әкімшілік хаттама толтырылды.
Әкімшілік істер шешім қабылдау үшін Шымкенттің мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан