- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкент тұрғыны жалған...
Шымкент тұрғыны жалған құжат арқылы 443 миллион теңге салықтан жалтарған
Шымкент тұрғыны жұмысын нақты орындамай әрі тиісті қызмет көрсетпей жалған шот-фактуралар жазып бере беру арқылы мемлекеттік бюджетке шығын келтіріп, салық төлеуден қашқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған фактіні ҚМА аймақтық Департаменті тергеді.
"Қылмыстық әрекетті арнайы құрылған 6 серіктестік арқылы жүзеге асырып, нәтижесінде мемлекеттік бюджетке 443 млн теңге салық түспеген", - делінген хабарламада.
Сот үкімімен күдікті қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар, 15 млн теңгеден астам сомаға қылмыстық табысы мен 50 млн теңгеден астам сомаға жылжымайтын мүлкі мемлекет кірісіне айналдырылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы