- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкент тұрғыны баланы...
Шымкент тұрғыны баланы үшінші қабаттан лақтырып жіберген
Шымкент тұрғыны баланы үшінші қабаттан лақтырып жіберген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Отырар" басылымының мәліметінше, түрлі дене жарақатын алған бала ауруханаға жеткізілді.
Көршілер мен куәгерлердің сөзінше, баланы туысы лақтырып жіберген. Кейбір мәліметтер бойынша, 40 жастағы тұрғын психикалық денсаулық орталығында есепте тұрады.
Оқиға кешкі тоғыздарда болған. Бұл жайттан кейін баланы лақтырып жіберген тұрғын психдиспансерге жеткізілген.
Оқиғаның нақты себебі және ата-ана баласын психикалық ауруы бар тұрғынға не үшін тастап кеткені белгісіз.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина