Шымкент тұрғын үй басқармасы басшысы ұсталуы: ҰҚК не дейді?

БАҚ-та Шымкент тұрғын үй басқармасы басшысы Нұрбол Жүнісбеков ұсталды деген ақпарат тарады. ҰҚК осы жайтқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ресми мәліметке сүйенсек, ол қала әкімшілігінде 2021 жылдан бері жұмыс істейді.

"Бұл дерек бойынша ҰҚК соталды тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", - деп жазылған ҰҚК жауабында.

Айта кетейік, Шымкент тұрғын үй басқармасының сайтында ведомствоны Нұрбол Жүнісбеков басқаратыны көрсетілген.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз