Шымкент - Самара тасжолында жеңіл көліктерді тиеген автотасығыш аударылып қалды

Қызылорда облысындағы Шымкент-Самара тасжолында жеңіл көліктер тиелген автотасығыш аударылып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 5 желтоқсан күні таңғы сағат 06:30 шамасында Махамбет ауылының маңында болған. Әлеуметтік желіде тараған кадрларда аударылған бірнеше көлікті байқауға болады.

Қызылорда облысының полиция департаментінің мәліметінше, Шымкент-Ақтөбе бағытында келе жатқан DAF жүк көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып қалған.

"Автокөліктерге материалдық шығын келді. Зардап шеккендер жоқ", - деп хабарлады ведомство.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз