- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкент полициясы баспасөз...
Шымкент полициясы баспасөз хатшысының өз-өзіне қол жұмсауына қатысты іс тоқтатылды - БАҚ
Шымкент полициясы баспасөз хатшысының өз-өзіне қол жұмсауына қатысты іс жабылды, бірақ адвокат оны қайта бастауға ниет білдіріп отыр, - деп хабарлайды еlitar.kz.
Басылым мәліметінше, Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваның өз-өзіне қол жұмсауына қатысты қылмыстық іс кенет тоқтатылған. Оның үстіне, Мөлдір мен оның адвокаты бұл туралы екі аптадан кейін білген. Істің тоқтатылу себебі ретінде қылмыс құрамының болмауы деп көрсетілген.
Адвокаттың айтуынша, бұл істе қылмыстық іс жүргізу нормаларына қатысты құқықбұзушылықтар бар.
"18 маусымда қорғауымдағы Мөлдір Бекееваның өз-өзіне қол жұмсау дерегіне қатысты іс тоқтатылғанын кездейсоқ білдім. Сонымен қатар, олар оны 6 маусымда қылмыстық құқықбұзушылық құрамы болмауына байланысты тоқтатқан, бірақ бұл туралы бізге хабарламаған. Бұл ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің нормаларын өрескел бұзу ретінде саналады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет маған және жәбірленушіге тергеу әрекеттері аяқталғаны туралы хабарлауға, танысу үшін материалдар беруге тиіс еді. Бізді қосымша тергеу әрекеттеріне өтініш беру мүмкіндігінен айырды", - деп жазған адвокат Жаманбаева әлеуметтік желідегі парақшасында.
Адвокат басылымға берген сұхбатында тергеу аясында қажет сараптамалар жүргізілмегенін айтқан, ол бұл іс неге сүйеніп тоқтатылғанын білмейді.
Әлия Жаманбаева іс тоқтатылғаны туралы қаулы бойынша сотқа шағымдануға ниетті және Президенттен, сондай-ақ, Бас прокуратурадан осы істі бақылауға алуды сұрайды.
Адвокат ұсынған суреттер
Ж. Қадыржанова