Шымкент пен Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шымкент және Түркістан облысының тұрғындары үйінен көшеге, далаға шығып жатыр.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі "НЕКО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, 2023 жылғы 21 наурыз Алматы уақытымен 22 сағат 47 минут 30 секунд (2023 жылғы 21 наурызда Гринвич бойынша 16 сағат 47 минут 30 секунд) жер сілкінісі тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 848 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында болған.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 16.1.
MPV магнитудасы - 7,8. Дүмпу 120 шақырым тереңдікте болған.
MSK-64 шкаласы бойынша Шымкент пен Таразда 3 балдық, Алматыда, Астанада, Қызылорда, Түркістан облысында 2 балдық тербеліс сезілген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!