Шымкент пен Павлодарда бопсалаумен айналысып жүргендер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
23 қаңтарда Шымкент және Павлодар қалаларында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бопсалауларға, тонауларға, алаяқтықтарға, бас бостандығынан заңсыз айыруға қатысы бар екі жастар тобы ұсталды. Павлодар облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел әшкерелеу орбитасында 18 жастан 23 жасқа дейінгі аралықтағы бес жас жергілікті тұрғыннан құралған топ болды.
– Күдікті адамдар криминалдық идеологияның ықпалымен өздерінің құрдастарын оқу орындары мен жатақханаларда, сондай-ақ сауда ойын-сауық орталықтарында қорқыту және күш қолдану арқылы онлайн-қосымшалар арқылы несиелер ресімдеуге мәжбүрлеген, содан кейін ақша және тауарларын алған. Оларға бопсалау, тонау және алаяқтық қылмыстары бойынша айып тағылды. Қылмыстық топтың барлық қатысушылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.
Осыған ұқсас ұстаулар Шымкент қаласында жүргізіліп, онда 24 жасқа дейінгі алты адамнан тұратын жастар тобының қылмыстық әрекетінің жолы кесілді.
– Фигуранттар өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, өздерінің құрбандарын қорқыту, ұрып-соғу және бас бостандығынан заңсыз айыру арқылы ірі көлемдегі қаражат бопсалаған. Қылмыстық топтың барлық қатысушылары ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Қуандық Алпыс.
Көрсетілген деректер бойынша Шымкент қаласы және Павлодар облысы полиция департаменттерінің тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Ұсталған адамдарға үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!