Шымкент мешітіндегі төбелес: имам оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Шымкент мешітіндегі төбелес: имам оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Әлеуметтік желіде мешітте намаз оқып тұрған ер адамды соққыға жыққан тұрғынның видеосы тарады. Бүгінде оқиғаның мән жайы тексеріліп жатыр. Ал құқық бұзушылық орын алған мешіт имамы жағдайдың қалай болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкентте өзге мәзһабта намаз оқыған ер адам соққыға жығылды. Оқиға қаладағы Әбдусаттар Сманов мешітінде болған. Видеодан мешітте намаз оқып жатқан жамағатты көруге болады. Бір сәтте ер адам күтпеген жерден қасында тұрған азаматты ұрып құлатып, аяғымен тепкілей бастайды. Мешіт имамы бұл оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

"Өзге өңірден келген 10-15 шақты азаматқа намаз алдында имам бірнеше рет ескерту жасаған. Бізде ҚМДБ бойынша, ішкі тәртіп бойынша бүкіл Қазақстан аумағында Ханафи мәзһабында "әминді" іштен айтылады деп ескертілді және де осы ескертуге құлақ аспастан бірнеше рет намазды бұзуға, имамның жұмысына кедергі жасаған азаматқа шыдай алмаған жамағатымыз оны қатты эмоцияға беріліп, қол жұмсап жіберді", - деді мешіт имамы Берік Шотабеков.

Бүгінде оқиғаның мән-жайын полиция тексеріп жатыр. Бұл оқиға 12 мамыр күні кешкі 19:00 шамасында болған.

"Оқиға қатысушылары полицияға арызданды. Тағайындалған сараптамалардың нәтижесімен процессуалды шешім қабылданады", - деді Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан