Шымкент ҚАЖД басшысының орынбасары ұсталды. Ол уақытша ҚАЖД басшысының міндетін атқарған, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2022 жылдың 9 шілдесінде Шымкентте ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы өз кабинетінде ұсталды. Пара алу фактісі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатыр", - деді ІІМ өкілдері.