Шымкент жолдарында отшашудан "шоу" жасаған жігіттер жазаланды

Шымкент полицейлері Бәйдібек би даңғылында пиротехникалық жарылғыш зат қолданып бара жатқан көлік жолаушысын байқады. Тәртіп сақшылары бірден Ваз 21099 автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында көлік салонынан 43 пиротехникалық жарылғыш зат тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

19 жастағы жүргізуші жанына досын ертіп, қала көшелерінде от шашудан "шоу" жасамақ болған. Ал оң жақ жолаушы орындығындағы азамат көліктің әйнегіне отырып, пиротехникалық жарылғыш затты аспанға атқан.

Полицейлер заң бұзушылықты дер кезінде тоқтатты.

Қызық қуғандарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі, 593-бабы және 436-бабы 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылды. Автокөлік айыптұраққа қойылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!