- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шымкент жатақханасындағы студенттің...
Шымкент жатақханасындағы студенттің өлімі: күдіктілер ұсталды
Шымкенттегі жатақханада студент қаза болды. Шымкент полицейлері күдіктілерді қолға түсірді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері екі күдіктіні ұстады.
Куәгерлердің айтуынша, студенттердің бірі жігітті кеудесінен, ал екіншісі иығынан ұрған. Нәтижесінде ол кенеттен өзін нашар сезінген. Студенттер жедел жәрдем шақырған, бірақ медицина қызметкерлері олар келгенге дейін қайтыс болған жігітке көмек көрсетіп үлгермеген.
Полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіп жатыр.
Еске салайық, 22 қыркүйекке қараған түні Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы ПБ кезекші бөліміне жедел жәрдем бригадасына колледждердің бірінің жатақханасынан 1-курс студентінің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен еді.
Бұған дейін Нұрхат Дүйсеннің отбасында бес баланың жалғыз ұлы болғанын айтылған еді. 9-сыныптан кейін Манап Өтебаев атындағы Шымкент колледжіне оқуға түскен. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Нұрхатты екі студент кеудесі мен иығына соққы жасаған, ол соққылардан қаза тапты. Анасы қайғылы оқиғаға колледждегі ұрып-соғу себеп болғанына сенімді. Оның айтуынша, жігіт алғашқы күннен бастап ақша жіберуді сұраған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек