ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы, Шымкент және Жетісу облысы ТЖД бастықтарына қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Антикор мәліметіне сілтеме жасап.
"Биыл 21 шілдеде Астана ауданаралық тергеу сотымен ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасына, Шымкент қаласы мен Жетісу облысы ТЖД бастықтарына қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды", - делінген хабарламада.
Соталды тергеу жалғасып жатыр. Басқа да жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатыстығы тексеріліп жатқаны айтылды.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жарияланбайды.
"Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Төтенше жағдайлар министрлігі Өрт қауіпсіздігі комитетінің төрағасы заңсыз ақшалай сыйақы үшін Ұлытау облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басшыларының біріне қамқорлық жасады деген күдікке ілінді.
Айта кетейік, Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Бауыржан Ізбасаровқа қатысты да тергеу жүріп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!