Шымкент білім бөлімінің басшысы жүкті болып қалған екі оқушының да анасы "жеңіл жүрісті" деп отыр

Шымкент білім бөлімінің басшысы жүкті болып қалған екі оқушының да анасы "жеңіл жүрісті" деп отыр
Фото: pixabay.com

Шымкентте кәмелетке толмаған екі қыз жүкті болып қалған. Білім бөлімінің басшысы Жанат Тәжиева бұған қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Жанат Тәжиеваның сөзінше, екі оқушының да анасы "жеңіл жүрісті" ретінде есепте тұр екен. Ол мұндай жағдайлардың алдын алу үшін ата-аналардың жауапкершілігін күшейтіп, жасөспірімдер арасында ағартушылық жұмыстарын жүргізу қажет деді. Сонымен бірге ведомство басшысы учаскелік инспекторлардың жұмысын да жандандыру қажет деп есептейді.

"Аты-жөнін айтудан аулақпын, екі оқиға болды. Екі қыздың да анасы "жеңіл жүрісті" ретінде есепте тұрғаны белгілі. Бірінші себеп - ата-анасының тәлім-тәрбиесінің төмен. Екінші жағынан ата-анасының баласымен арақатынасы нашар. Біліми, ғылыми жағынан сауатсыздығы. Сондықтан осы бағыттағы жұмысты білім ұйымдарында көбірек насихаттап, дәрігерлерді шақырып, сынып сағаттарын арнайы пән ретінде қойып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Баланың тәрбиесінде учаскелік инспекторлардың  жасөпірімдермен жұмысын жандандыру керек деп ойлаймын. Кеңес дәуірінің заманында тәрбие алғанбыз. Мені ата-аналар телеарнадан көріп, шошып кетуі мүмкін. Шетелде оқушыларға "өзіңді қорға, сақтан" деп мүшеқап тарқатады. Ал біздің қазақтың салт-дәстүрінде "ұят болады" деген бар. "Ондай нәрсеге жолама ұят болады, тәртіпті жөнде" деп айтатын үлкендер.  Ғылыми жағынан сауатты болу керек", - деді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан