Желіде Шымкент қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева жұмыстан босатылғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Алайда ведомство мұны растамады. Қаланың бас ұстазы еңбек демалысында екен.
"Шымкент қаласы білім басқармасы басшысының қызметінен кеткені туралы ақпараттың жалған екенін ресми мәлімдейміз. Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы Нұргүл Шамшиева ағымдағы жылдың 15 шілдесінен бастап еңбек демалысында. Жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеміз. Азаматтардан тек ресми ақпарат көздеріне сенуді сұраймыз", - деді басқарманың баспасөз хатшысы Ұлжан Төлен.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз