2023 жылғы 14 наурызда премьер-министр Әлихан Смайылов "Шымкент қаласы әуежайының жұмыс істеуі мәселелері жөнінде үкіметтік комиссия құру туралы" өкім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Шымкент әуежайының жұмыс істеуі мәселелері жөнінде үкіметтік комиссия құрылсын. Комиссия жұмысқа дереу кіріссін, проблемаларды шешу бойынша нақты шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін", - делінген құжатта.
Үкіметтік комиссия құрамына мына лауазымдағы тұлғалар енді:
Еске салайық, 2023 жылғы 28 қаңтарда Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Шымкент әуе айлағының жағдайын сынап, әуежай халықаралық мәртебесіне сәйкес келмейтінін айтқан еді.
Осы себепті Әлихан Смайылов жаңа терминал құрылысын жеделдетуді тапсырды.
"2018 жылы жаңа терминал салу тапсырылды. Неліктен ол әлі пайдалануға берілмеген? Әуежай туристерге, қала қонақтарына және жалпы халыққа алғашқы әсерді сыйлайды. Осы себепті жаңа терминалдың жылдам пайдалануға берілуі маңызды",- деді Әлихан Смайылов.
Ал Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов жаңа терминалды осы жылдың соңына дейін іске қосуға уәде берді. Қазіргі уақытта оның құрылысы 80 пайыз аяқталғанын айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!