Шымкент әуежайында мас күйде қоғамдық тәртіпті бұзған екі жолаушы 5 тәулікке қамалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ер адамдар Астанаға ұшатын рейстен кешігіп қалып, әуежайда қоғамдық тәртіпті бұзған. Әуе компаниясының өкілдері тиісті акт толтырып, болған жағдайды полицейлерге хабарлаған.
Екі адам рейстен түсіріліп, полиция бөліміне жеткізілген. Полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген тексеріс барысында 28 және 32 жастағы жолаушылар ұшаққа отырғызу уақытына кешіккені және масаң күйде болғаны анықталған.
Рейстен кешіккенін түсінген олар өз наразылығын білдіріп, қатты дауыстап, қоғамдық орында балағат сөздер айтқан.
"Олар қоғамдық орындарға масаң күйде келгені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен әрқайсы 5 тәулікке қамауға алынды", - деді полиция.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова