FlyArystan әуе компаниясына тиесілі ұшақ Шымкент әуежайында итпен соқтығысқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
FlyArystan әуекомпаниясы 15 сәуірде Алматы-Шымкент бағыты бойынша FS7105 рейсі қонғаннан кейін Шымкент әуежайының ұшу-қону жолағында әуе кемесі итпен соқтығысқанын растады.
"Оқиға салдарынан әуе кемесінің бөліктеріне зақым келді. Ауыстыруды қажет ететін барлық бөлік Алматыдан жеткізіледі. Ұшу қауіпсіздігі - әуе компаниясы үшін басты басымдық", - деп жазылған хабарламада.
Бұл оқиға бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін FlyArystan әуе компаниясына қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны, компания қол жүгінің артық салмағы үшін нақты артық мөлшеріне қарамастан бірдей ақша алғаны анықталғаны хабарланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова