Шымкент әуежайында 180 адам тұрып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қалың тұман салдарынан жолаушылар Астана мен Алматыға ұшып кете алмаған. Авиакомпания өкілдері 180 адамды автобуспен Таразға алып кетті, сол жерден олар өз бағыттары бойынша ұшты.
Кеше таңертеңнен бастап 2 рейс тоқтатылды, барлық басқа жоспарланған рейстердің уақыты ауыстырылды.
"Бұл әлемдік тәжірибе. Мұндай ауа райында күтпеген оқиғалардың алдын алу үшін, ұшу қауіпсіздігі үшін ұсыныс жасаймыз. Бірақ авиакомпаниялар өздері шешім қабылдайды. Көріну метрмен өлшенеді. Қазір көріну - 100 метр, өте төмен деңгей", - деді Шымкент халықаралық әуежайының өкілі.
Шымкент ТЖД тұманның күшеюі туралы ескерту жариялады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!