Шымкент әуежайы мамырға дейін күндізгі уақытта жұмыс істемейді

Шымкент әуежайы мамырға дейін күндізгі уақытта жұмыс істемейді
Фото: 2gis.kz

Шымкент әуежайы 1 сәуір мен 3 мамыр аралығында сағат 10:30-дан 18:30-ға дейін жұмыс істемейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өйткені осы уақытта ұшу-қону жолағы жөнделеді.

Әуежай ұшу кестесінің өзгеруіне байланысты жолаушыларға әуежайдың ақпараттық қызметінен рейс туралы мәліметті тексеруді ескертті.

Әуежайға барар жолда да жол жұмыстары жүріп жатыр екен. Сол себепті жолаушылар әуежайға ертерек барғаны жөн.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан