Шымкент-Астана рейсінде тосын жағдай болды: шетелдіктер 7,6 млн теңге ұрлап кеткен

Шымкент-Астана рейсінде тосын жағдай болды: шетелдіктер 7,6 млн теңге ұрлап кеткен
Фото: ІІМ

Шымкент-Астана рейсінде тосын жағдай болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Криминалдық полиция қызметкерлері әуе кемесі бортында ұшу кезінде жасалған аса ірі көлемдегі ұрлықты ашты. Бұл қылмысты жасады деген күдікпен екі шетел азаматы ұсталған.

Алдын ала мәлімет бойынша күдіктілер Шымкент-Астана бағытындағы әуе рейсі кезінде жәбірленушінің салғырттығын пайдаланып, оған тиесілі 7,6 млн теңгені жымқырған.

"Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдіктілер анықталып, олар ұсталды. Ұсталғандар өз кінәсін мойындап, қамауға алынды. Қазір бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деді полиция.

Ұрланған ақша толық көлемде заңды иесіне қайтарылған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget