Шымкенттегі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Мақсұт Исаховтың ісі қаралып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Әкімнің бұрынғы орынбасары ҰҚК басшысының бірінші орынбасарына 200 мың доллар пара берді деп айыпталып отыр. Бұрынғы жоғары лауазымды шенеунік тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр.
Сотталушы бүгінгі сот отырысына онлайн қатысып жатыр. Ол денсаулығына байланысты ауруханаға жатқызылды. Бүгін, алдын ала мәлімет бойынша, тараптар арасындағы жарыссөз басталады.
Еске салайық, Исахов былтыр шілде айында қылмыстық қудалауға түскен болатын. Сотталушының қорғаушысы бұл істің жалған құжаттарға негізделгенін және заңсыз екенін алға тартып отыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!