Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі әкім Мұрат Әйтеновтің ауысуы туралы қауесетті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шымкент әкімдігі мәліметінше, бүгін БАҚ пен әлеуметтік желілерде Шымкент әкімі ауысатыны туралы ақпарат жарияланған.
"Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Ресми ақпарат бойынша, қазіргі уақытта үшінші мегаполис әкімі Мұрат Әйтенов өз жұмысын жалғастырып жатыр", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Мұрат Әйтенов 2022 жылы желтоқсанда Шымкент қаласының әкімі болып қайта тағайындалған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!