Шымкент Полиция департаменті қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуыл бойынша мән-жайды айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция департаменті мәліметінше, қылмыстық іс адам өлтіруге оқталу бабы бойынша тергеліп жатыр.
Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 24-бабы - "Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу", алайда бұл бапта жаза шаралары нақты көрсетілмеген.
Ал Қылмыстық кодекстің 99-бабы - "Адам өлтіру". Бұл үшін ең төменгі жаза – 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Еске салайық, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимараты маңында атыс болды. Салдарынан Руслан Берденов жарақат алды.
Полиция мәліметінше, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған, бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Кейінірек Руслан Берденовтің жағдайы белгілі болды.
Ол 1985 жылы 6 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген. 2006 жылы менеджмент мамандығы бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. 2009 жылы КИМЭП университетін Іскерлік басқару магистрі (MBA) дәрежесімен бітірді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!