Шымбұлақтағы аспалы жол уақытша жабылады

Шымбұлақтағы аспалы жол уақытша жабылады
Фото: Алматы әкімдігі

Шымбұлақтағы аспалы жол уақытша жабылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

 Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Шымбұлақ" ТК ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аспалы жолдарды уақытша жабады 13 мамыр мен 2 маусым аралығында "Медеу-Шымбұлақ" аспалы жолы жабық болады, ал 13 мамыр мен 31 мамыр аралығында "Комби-1" және "Комби-2" аспалы жолдары да жабылады. Бұл ретте ККД-4 аспалы жолы әдеттегідей жұмыс істейді", - делінген хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Шәріпхан