Бүгін теңіз деңгейінен 3200 метр биікте орналасқан "Шымбұлақ" тау-шаңғы курортында "Комби-2" аспалы жолы тоқтап қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қаласы ТЖД құтқарушылары, ТЖМ РЖҚЖ және курорттың қызметкерлері шұғыл түрде кабинада қалған 21 адамды альпинист құрал-жабдығымен түсірген.
"Талғар асуында қалған 100 шақты қонақ қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Ыстық сусындар мен жылынатын орындар ұсынылды. Зардап шеккендер жоқ", - деп жазылған Алматы ТЖД хабарламасында.
Аспалы жол уақытша жұмыс істемейді, қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова