Абай ауданы мен Шығыс Қазақстан облысындағы тасжол учаскелерінде ауа райының нашарлауына байланысты көлік қозғалысы толығымен шектелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы" АҚ (ҰК) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2025 жылдың 2 қаңтарында сағат 15.00-де Абай облысында ауа райының нашарлауына байланысты Алматы-Өскемен тасжолының 778-1013 шақырымы және қала учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды", - делінген хабарламада.
Сонымен бірге 2 қаңтар күні сағат 15.00-де Шығыс Қазақстан облысында Алматы-Өскемен тасжолының 1013-1048 шақырымы және Абай облысы - Ұлан ауылының шекаралық учаскесінде де көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеулер енгізіліп жатқаны хабарланды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!