Шығысқазақстандық азамат заңсыз аң аулады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция қызметкерлері оның көлігінен еліктің ұшасын тапқан. Тексерулердің бірінде Катонқарағай ауданының полиция қызметкерлері ВАЗ 2121 маркалы автокөлігін тоқтатқан, оның жүргізушісі жүксалғышта еліктің ұшасын және тіркелмеген мылтықты алып жүрген.
Заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, күдікті үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!