Температураның күрт өзгеруі, жел, Шығыс Қазақстанның таулы аймақтарында қар көшкіні қаупі туындатып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазселденқорғау" ШҚ филиалының мамандары "Ақсу - Талды", "Согорное-Барлык" автожолының учаскелерінде қар көшкінін 4850 куб.м. көлемде профилактикалық түсіруді жүргізді.
"Кез келген әсер: күн, температураның өзгеруі, жел және әлсіз қабат бірден тұрақтылығын жоғалтады. Барлық масса қозғалысқа келеді. Таулар неғұрлым биік болса, қар көшкіні соғұрлым көп болады. Наурыз айына тән жауын - шашынның көп мөлшерін қосыңыз, сонда көшкін қауіпі жоғары екенін түсінесіз", - деп атап өтті "Қазселденқорғау"ШҚ филиалының басшысы Советбек Станбеков.
ШҚО ТЖД мен" Қазселденқорғау " мамандары туристер мен демалушыларды қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауға шақырды.
"Тауға шықпас бұрын ауа-райы болжамын және дауыл туралы ескертулерді қадағалаңыз, ол үшін "Дармен"мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз. Қар көшкіні қаупі бар жерлерде автожолдарда тоқтаулар, аялдамалар ұйымдастыруға болмайды. Төтенше жағдай туындаған жағдайда "112" нөмірі бойынша хабарлаңыз", - деп хабарлады ШҚО ТЖД.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!