Шығыс Қазақстанда Приморск орманшылығының аумағында өрт сөндіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрлік мәліметінше, 26 маусымда "Асубұлақ орман шаруашылығы" КММ аумағында шамамен 5 га аумақта құрғақ шөп пен бұталар өртенді. МИ-8 тікұшағы өртті сөндіру үшін десант пен су жеткізді.
Өрт шыққан жерде орманшылардан, ШҚО ТЖД-дан және ЖАО-дан 126 адам, 18 техника жекелеген түтін ошақтарын сөндіріп жатыр.
Өртті сөндіру қолжетімділігі төмен, таулы, жартасты жағдайлармен қиындатылған. Елді мекендерге қауіп жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!