Шығыс Қазақстанда заңсыз салық схемасы әшкере болды

Шығыс Қазақстанда заңсыз салық схемасы әшкере болды
Фото: ҚМА

ҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "Усть-Каменогорск инерт" ЖШС атынан жалған шот фактура рәсімдеумен айналысқан бір топ адамның заңсыз әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тергеу амалдарына сүйенсек, 2023 жылғы маусым-қыркүйек аралығында күдіктілер азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша міндетін орындамай, ауыр техникаға арналған қосалқы бөлшектер жеткізілгені туралы жалған бухгалтерлік құжаттарды рәсімдеп отырған.

Бұл құжаттар арқылы олардың серіктестері корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығын төлеуден жалтарған. Заңсыз схемаға Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкері де қатысқан. Ол салық бақылауынан кедергісіз өту үшін жалған құжаттарды рәсімдеуге көмектескен.

Қолма-қол ақшаға айналдырылған қаражаттың жалпы көлемі - 356 млн теңге. Мемлекетке төленбеген салық 91 млн теңгеден асқан.

Сот санкциясымен күдіктілердің 3 пәтері мен бір көлігіне тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget