- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шығыс Қазақстанда магнитудасы...
Шығыс Қазақстанда магнитудасы 5-ке тең жер сілкінісі болды
Шығыс Қазақстан облысында магнитудасы 5-ке тең жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпулері 28 желтоқсан күні сағат 00.39-да тіркелді.
Жер сілкінісінің эпицентрі Өскеменнен оңтүстік шығысқа қарай 205 шақырымда, Алматыдан солтүстік шығысқа қарай 807 шақырым қашықтықта болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.6-ға тең.
Сонымен қатар ТЖК жер сілкінісінің магнитудасы 4,8 болғанын ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасай отырып хабарлады. Комитеттің мәліметінше, эпицентр Алматының солтүстік шығысында 716 шақырымда тіркелді. Жер сілкінісінің энергетикалық класы − 10.5. "Тереңдігі 15 шақырым. Жер сілкінісі Өскемен, Күршімде 2 балмен, Зайсанда 2-3 балмен (МSК-64 шкаласы бойынша) сезілді", − делінген хабарламада.
Дереккөз: tengrinews
С. Ерсін